China Southern Airlines компаниясы Бейжің мен Ташкент арасында рейстерді қалпына келтіруде
Қытайдың China Southern Airlines әуе компаниясы Бейжің мен Ташкент арасындағы тұрақты тікелей рейстерді қалпына келтіруде.
Uzbekistan Airports дерегінше, алғашқы жолаушы рейсі 2023 жылдың 26 наурызына жоспарланған.
Рейстер Airbus A330-200 ұшақтарында аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері жүзеге асырылуы көзделген.
Қазіргі уақытта авиакомпания Үрімші-Ташкент бағыты бойынша аптасына бір рет, сәрсенбі күндері тұрақты рейстерді орындайды.