
Ғасырлар бойғы сыр мен құпияны бойына сіңірген, ұлы тарихи ескерткіштері мен зиярат орындарын сақтап кележатқан көне Бұхара бүгінде бұрынғыдан да көп туристерді қабылдауда.
2024 жылы ежелгі шаһарға 1 миллион 745 мың 200-ден астам шетелдік турист келіп, оларға көрсетілген қызметтер арқылы туризм экспорты 436,3 миллион АҚШ долларына жетті. Сонымен қатар, республиканың әртүрлі өңірлерінен 4 миллионнан астам жергілікті тұрғын Бұхараға саяхат мақсатында сапар шеккен.
Қаланың туристік әлеуетін жақсарту мақсатында өткен жылы 74 жаңа орналастыру орны ашылды, оның ішінде 17 қонақүй, 15 хостел және 42 отбасылық қонақ үй қызметін бастады. Сондай-ақ, 43 жаңа туроператор мен турагент жұмысын бастап, олардың жалпы саны 2023 жылғы 143-тен 186-ға жетті.
[gallery-21566