Бұхарадағы 7 мәдени мұра нысандары Ислам әлемінің Білім, Ғылым және Мәдениет Ұйымының (ICESCO) Ислам әлемі мұралар тізіміне енгізілді.
Облыстық мәдени мұра басқармасының хабарлауынша, 29 маусымда Ислам әлемі мұралары комитетінің тоғызыншы онлайн-отырысы өтіп, онда Бухараның 2020 жылы «Ислам әлемінің мәдениетінің астанасы» деп жариялануына байланысты Өзбекстан атынан ұсынылған кандидаттық құжаттар қаралды.
Осы кездесуде Бұхарадағы 7 кесене - Исмаил Сомони кесенесі, Чор Бакр, Бахауддин Накшбанд кешені, Мағоки Аттор мешіті, Пойи Калон ансамблі, ежелгі Пойкент қаласы мен Тошсарой медреселерінің қалдықтары ICESCO-ның Ислам әлемі мұралары тізіміне енгізілген.
Онлайн форматта өткен жиын аясында, келешекте осы мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру, зерттеу және халықаралық масштабта насихаттау бойынша ICESCO және Ислам әлемінің мұралары комитетімен ынтымақтастықты нығайтуға қол жеткізген.