Бәсекелестікті қорғау комитеті құмар және тәуекелге негізделген ойындарды насихаттауға бағытталған веб-сайттар бойынша кезекті зерттеу мен талдау нәтижелерін жариялады.

Комитет  хабарынша, жарнамаға қатысты заңбұзушылықтарға жедел шаралар көру мақсатында тиісті ұйымдармен өзара ынтымақтастық жолға қойылған.

Сонымен бірге букмекерлік қызметтерге қатысты жарнаманы таратуға бағытталған веб-сайттарға қолжетімділікті шектеу (бұғаттау) шаралары жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, биыл атқарылған жұмыстар нәтижесінде букмекерлік қызметтерді насихаттайтын 86 веб-сайтты бұғаттау бойынша тиісті бақылау органына ақпарат жолданып, соның ішінде 70-ке жуық сайт белгіленген тәртіппен бұғатталған.

Еске салар болсақ, «Жарнама туралы» заңның 46-бабына сәйкес, құмар ойындары және тәуекелге негізделген өзге де ойындар жарнамасына тыйым салынады.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Букмекерлік қызметтерді жарнамалайтын 70-ке жуық веб-сайт бұғатталды