Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Оңтүстік Африкада оққа ұшты
Оңтүстік Африка Республикасында бокстан бұрынғы әлем чемпионы Золани Тете өз үйінің алдында атып өлтірілді.
Al Jazeera баслымының хабарлауынша, 38 жастағы боксшы өз көлігінде қаза тапқан. Онымен бірге болған 27 жастағы әйел көптеген жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Полицияның хабарлауынша, оқиға Шығыс Кейп провинциясының Мданцане қаласында болған. Тете үйіне келіп, қақпаның ашылуын күтіп тұрған кезде, бетперде таққан екі қарулы адамның шабуылына ұшыраған.
Айта кетейік, Тете 2007–2008 жылдары WBF, ал 2017 және 2019 жылдары WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын иеленген. Боксшының елеулі ірі жеңістерінің бірі 2014 жылы Жапонияда болды. Сол кезде ол Тейру Киноситаны ұпай санымен жеңіп, IBF нұсқасы бойынша чемпион атанған болатын.