Бокс: Түркия төрінде Өзбекстан құрамасы топ жарды
Түркияның Ыстамбұл қаласы кезекті мәрте былғары қолғап шеберлерінің тартысты бәсекесіне куә болды. Дәстүрлі «Ахмет Кюмарт Босфор» турнирі 34-рет ұйымдастырылып, әлемнің әр түкпірінен жиналған үздік боксшылар шаршы алаңда өзара мықтыны анықтады.
Жарыс барысында Өзбекстан құрамасының бес бірдей өкілі финалдық кезеңге сүрінбей жетіп, шешуші сәтте алтын жүлдені қанжығасына байлады. Нәтижесінде, құрама жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
Алтын тұғырдан көрінген саңлақтар қатарында:
• 65 кг – Илхомжон Эргашев
• 48 кг – Робияхон Бахтиёрова
• 54 кг – Узукжамол Юнусова
• 60 кг – Ситора Турдибекова
• +80 кг – Собирахон Шахобиддинова
Бұл жеңіс қажырлы еңбек пен табандылықтың, ұлттық бокс мектебінің қуатының айқын көрінісі болды. Өзбек боксшыларының бұл жетістігі халықаралық аренадағы беделін одан әрі нығайтып, келер жарыстарға үлкен сенім мен серпін сыйлады.