АҚШ-тың Калифорния штатындағы Оушенсайд қаласында 20 сәуір күні кәсіби бокс турнирі өтеді. Бұл додада еліміздің дарынды боксшыларының бірі Руслан Абдуллаев рингке көтеріледі.

«Frontwave Arena» спорт кешені иелік ететін бұл бокс кешін атақты бұрынғы кәсіби боксшы Оскар Де Ла Хойяға тиесілі «Golden Boy Promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр. Осы компаниямен келісімшартқа отырған Руслан Абдуллаев супержеңіл салмақ дәрежесінде кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегін филиппиндік Жино Родригоға қарсы өткізеді.

Айта кету керек, Русланның алдағы қарсыласы спорттық мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, 13 жеңіс, 4 жеңіліс және 2 тең нәтижеге қол жеткізген. Ал Руслан биыл 7 наурыз күні АҚШ-тың Индио қаласында өткен турнирде мексикалық Хосе Валенсуэла Альварадоны екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бокс: Руслан Абдуллаев Калифорнияда жекпе-жек өткізеді