Биоотынмен алғашқы трансатлантикалық ұшу орындалды
Британдық миллиардер Ричард Брэнсон негізін қалаған Virgin Atlantic компаниясы Boeing 787 ұшағында экологиялық таза отынды пайдаланып, Лондонның Хитроу әуежайынан Нью-Йоркке алғашқы трансатлантикалық рейсін жасады.
Financial Times газетінің жазуынша, биоотын пайдаланылған өсімдік майы, жануарлар майы және басқа да дәстүрлі емес отындардың қоспасынан жасалған. Ұшуды авиация өнеркәсібі декарбонизацияға бағытталған маңызды кезең ретінде бағалаған.
Ұшуды алғаш рет коммерциялық әуе компаниясы экологиялық таза авиациялық отынмен (SAF) жүзеге асырған. Ол кәдімгі авиациялық отынға қарағанда аз көміртек шығарады.
Ұшақ бортында болған Virgin Atlantic компаниясының негізін қалаушы Ричард Брэнсон Атлант мұхиты арқылы экологиялық таза отынмен ұшу мүмкін емес екеніне қарамай, «бүгін біз мұның ондай емес екенін дәлелдедік» және әлі де жасалуы керек көп жұмыс бар екенін айтқан.
Ұшақ ұшу кезінде кәдімгі авиакеросинмен бірдей мөлшерде көмірқышқыл газын шығарған. Бірақ алдағы уақытта олардың мөлшері 70 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде.