Берлин–Бранденбург әуежайы жабылды
Германиядағы Берлин–Бранденбург халықаралық әуежайы қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты өз жұмысын уақытша тоқтатты.
Ұшу-қону жолақтарында қалың мұз қатуы салдарынан әуежай 5 ақпан күні кешкі уақытта әуе кемелерін қабылдау мен жөнелтуді толықтай тоқтатты. 6 ақпанға жоспарланған барлық рейстер де күшін жойды.
Әуежай әкімшілігі жерді қаптаған мұзды тазалау және өңдеу жұмыстары әзірге тиісті нәтиже бермей отырғанын мәлімдеген.
Айта кетейік, Берлин–Бранденбург Германия Федеративтік Республикасындағы көлемі мен жолаушы ағыны бойынша үшінші ірі әрі ең қарбалас әуежайлардың бірі саналады.