Бүгін, 25 қарашада, Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы биыл 26 қазанда Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ақпарат саясаты департаментінің бұрынғы басшысы Комил Алламжоновқа қатысты жасалған қастандыққа байланысты қылмыстық іске бойыншабасқа азаматтардың ұсталғанын хабарлады.
«Тергеу және жедел іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар жалпы 7 адам анықталып, 5-не қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сондай-ақ, 2 адамға іздеу жарияланған еді,» – делінген хабарламада.
Іздеуде жүрген күдікті К.С.-нің Қазақстан Республикасында жасырынған мекенжайы анықталып, оның қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілді.
Сонымен қатар, іздеуде болған күдікті Жавлон Юнусов Оңтүстік Кореяда ұсталып, Өзбекстанға экстрадицияланды.
Еске сала кетейік, жақында Өзбекстанның құқық қорғау органдарының бірқатар лауазымды тұлғалары, соның ішінде Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бұрынғы төрағасы да қызметінен босатылды. ӨзА ақпарат агенттігінің дерегіне сәйкес, бұл отставкалар Комил Алламжоновқа қастандық жасау ісімен байланысты жүзеге асырылған.
ӨзА