Барак Обама сайлауда Камала Харристі қолдайтынын мәлімдеді
АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама мен оның жұбайы Мишел Обама қараша айында өтетін сайлауда Демократиялық партияның президенттікке кандидаты болады деп күтілген Камала Харристі қолдайтынын айтты.
«Мишель екеуміз сізді қолдауды мақтан тұтамыз. Біз сізді сайлаудан кейін Овал кеңсесіне баруыңу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деген Обама.
«Бұл мен үшін көп нәрсені білдіреді. Олай болса, жұмысқа кірісейік, - деп жауап берген Харрис.
Бір қызығы, демократиялық партияның ең ықпалды өкілі Барак Обама Камала Харристің кандидатурасын Байден ұсынғаннан кейін 5 күн өтіп қолдайтынын мәлімдеген. Осы кезде Мишел Обама сайлауға демократтар өкілі ретінде қатысады деген қауесет тағы да күшейе түсті.