Бангладеште автобус өзенге құлап, 18 адам қаза тапты
Бангладеште жолаушыларды тасымалдап келе жатқан автобус Падма өзеніне құлап кетіп, салдарынан 18 адам қаза тапты.
Бұл туралы Daily Star басылымы хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға сәрсенбі күні түстен кейін болған. Ресми тұлғалардың болжамынша, автобус ішінде 40-қа жуық жолаушы болған.
Қазіргі уақытта көліктің өзенге құлап кетуіне не себеп болғаны анықталуда.