«Бір белдеу, бір жол» екінші халқаралық форумы 27 сәуір күні «Яньци» халқаралық конференциялар орталығында делегация басшылары дөңгелек үстел сұхбатын жалғастырды.

Онда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев сөз сөйледі.

Халықаралық және аймақтық трансшекаралық мәселелер біздің Орталық Азияға, оның ішінде теңіз порттарына тікелей алып баратын жолы болмаған біздің еліміз үшін өзекті болып келді, қазірде сондай. Өзбекстан мемлекеттеріміздің орнықты дамуында маңызды рөл атқаратын «Бір белдеу, бір жол» бастамасын әуел бастан-ақ қолдап келеді, - деді Шавкат Мирзияев.

Мемлекет басшысы форумдағы дөңгелек үстел сұхбат барысында Бірлескен декларациясын қабылдауды құптап, бұл өңірлік ынтымақтастықты дамытуға, ортақ мақсаттарға жетуге, экономикалық өсудің жаңа көздерін ашуға және, сайып келгенде, халықтарымыздың әл-ауқатын өсіруге қызмет ететіні жайлы айтты.

Шавкат Мирзияев Орталық Азиядағы көліктік және логистикалық мүмкіндіктерді жетілдіру, «жасыл экономика» арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, туризмді дамыту, ортақ экологиялық проблемалар бірге жеңу және басқа да мәселелер бойынша бірқатар бастамаларды алға тартты.

Орталық Азияның транзиттік әлеуетін жүзеге асыру мен Қытай-Орталық Азия-Батыс Азия экономикалық дәлізін қалыптастырудың маңызы зор екендігі атап өтілді. Ташкент – Әндіжан – Ош – Иркиштам - Қашқар тас жолы, Өзбекстан – Қырғызстан - Қытай және Мазари-Шариф – Қабул - Пешовар теміржол жобалары үлкен перспективалар ашатыны жайлы айтылды. Сондай-ақ, Сары теңіз порттары – Орталық Азия – Европа бағыты бойынша темір жолда жүк тасуға бірдей тариф орнату да, экономикалық жағынан да тиімді.

Шавкат Мирзияев «жасыл экономиканы» дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығына заманауи технологиялар мен маңызды шешімдерді қабылдау мәселелеріне ерекше мән берді.

Арал теңізінің тарылуы нәтижесінде пайда болған экологиялық жағдайды жою жалпы мақсат болып табылатыны жайлы айта келіп, Шавкат Мирзияев серіктестерді БҰҰның Арал теңізі аймағы үшін Траст қорын және Арал теңізі аймағында экологиялық инновациялар және технологиялар аймағына қатысуға шақырды.

Туризм саласында алмасуларды дамыту, ол үшін «Жібек Жолы» брендімен бірлескен бағдарламалар мен өнімдерді алға тартыту бойынша нақты ұсыныстар айтты.

Мемлекет басшысы Ауғанстан мәселесіне назар аударды, бұл елде бейбітшіліктің орнауы Орталық және Оңтүстік Азияда жаңа даму көздерін қалыптастырады. Шавкат Мирзияев осы мәселе бойынша өзекті мәселелерді ағымдағы жылдың күзінде Ташкенттегі Ауғанстан бойынша аймақтық экономикалық ынтымақтастық конференциясында (RECCA) талқылайды деп мәлімдеді.

Тарихи және мәдени мұрамыздың, алдымыздағы мақсатымызбен ортақ міндеттеріміздің ұқсастығы болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Халықтарымыз бірлесе жасаған күш-жігеріміздің оң нәтижелерін сезінуі керек, деді Шавкат Мирзиеев.

Мемлекет басшысының көзқарасы мен бастамалары үлкен қызығушылықпен қарсы алынды.

Форумда құрықтық және теңіз бағыттарын дамытуға, сауда және мемлекетаралық ынтымақтастық тетіктерін кеңейтуге бағытталған ірі экономикалық дәліздерді ашу мәселелері талқыланды. Ол үшін көлік-логистикалық, энергетикалық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды интеграциялау, макроэкономикалық саясатты үйлестіру, сауда және инвестицияларға кедергі келтіретін кедергілерді жою және өнеркәсіптік ынтымақтастықты жандандыру керек екендігі айтылды.

«Бір белдеу, бір жол» жобасында мемлекеттердің бірыңғай экономикалық кеңістігін салу және пайдалану форматы орнатылды. Бұл бастаманың кілті - ашықтық, «жасыл экономика» мен инновацияларды қолдана отырып, ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесе отырып іске асыру арқылы ұзақ мерзімді дамудың жаңа көздерін іздеу болып табылады.

Сыртқы нарықтарға қолжетімділікті кеңейту, зияткерлік меншікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, тауарлар мен қызметтер экспортын арттыру және макроэкономикалық саясатты үйлестіруді жетілдіру жаһандық экономикалық үдерістерді жеделдетуі айтылды.

Еуразиядан Африкаға, Америка мен Океанияға созылған «Бір белдеу, бір жолдың» құрылысы әлемдік экономиканың өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашты, халықаралық сауда мен инвестициялар үшін жаңа платформа құрды, жаһандық экономикалық басқаруды жетілдіру үшін жаңа бизнес-тәжірибелерді кеңейтіп, әртүрлі елдердің халықтарының әл-ауқатының өсуіне ықпал етті. «Бір белдеу, бір жол» жаңа мүмкіндіктер мен ілгерілеуді дамытудың тамаша тәсілі.

БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин форумға қатысушы мемлекет және халықаралық ұйымдардың басшылары әріптестікті ары қарай дамыту, серіктестікті нығайту және қазіргі байланыстардыи дамыту, БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму бағдарламасын жүзеге асыру туралы келіссөздер жүргізгенін атап өтті.

Біз «Бір белдеу, бір жол» бастамасын дәйекті іске асыру туралы бірқатар келісімдерге қол жеткіздік. Делегация басшыларының пікірлері дөңгелек үстелдің соңында қабылданған Бірлескен мәлімдемеде көрсетілген. Ол «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде бірлесіп жүзеге асырылатын бірқатар жобаларды қамтиды. Мұндай ірі бастама қатысушы мемлекеттердің дамуына қызмен етіп жатқаны барлық тараптан бөлекше атап өтілді. Біз «Бір белдеу, бір жол» тұжырымдамасын байыта отырып, одан әрі дамытуға келістік. Аталған жобаға қызығыстық танытқан елдерді қолдаймыз, деді Си Цзиньпин.

Мемлекет басшылары көпжақты өзара тиімді байланыстарды одан әрі нығайтуға, автокөлік, теңіз және әуе арқылы ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаласқаны жайты айтылды. Жоғары сапалы, тұрақты, инклюзивті және ауқымды инфрақұрылымды дамытуға, экономикалық аймақтар мен аймақтарды дамытуға ерекше назар аударылатын болады. Мұнда кәсіпорындардың рөлі ерекше маңызға ие. Бұл жобалар неғұрлым тұрақты және шетелдік инвесторлар үшін әділ жағдайды қамтамасыз етеді.

Форум барысында траптар 283 практикалық қорытындыға, мемлекетаралық келісімдерге және ынтымақтастық жобаларына қол жеткізді. Форум аясында кәсіпкерлер жалпы соммасы 64 миллиард доллардан астам келісім-шартқа қол қойды. Мұның бәрі «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясындағы ынтымақтастық өзара тиімді және жан-жақты болатындығын көрсетеді.

Сонымен «Бір белдеу, бір жол» екінші халқаралық форумы аяқталды. 

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бірлесе жасаған әрекеттер мемлекеттермен мен халықтардың болашағы үшін жаңа перспективалар ашады
Сиёсат
22:10 / 27:04:2019