Үндістанның «Прагян» ровері Жер серігінің оңтүстік полюсінде күкірт, алюминий мен темір сияқты металдарды тапты.
Үнді ғарыштық зерттеулер ұйымының (ISRO) хабарлауынша, 23 тамызда Айға қонған үнділік аппарат Жердің табиғи айының оңтүстік полюсінде күкірт барын растады.
ISRO мәліметінше, Айда оттегі, темір, алюминий, кальций, хром және басқа элементтер де табылған. Сонымен бірге сутегі де іздестірілуде.
Үндістанның үшінші ай экспедициясы «Чандраян-3» 14 күнге жоспарланған.
Үндістан Айдың бетіне ғарыш аппаратын сәтті қондырған әлемдегі төртінші мемлекет болды. Бұған дейін КСРО, АҚШ, Қытай оған қол жеткізген.