Ауа-райы болжамы: Өзбекстанда ауа температурасы төмендейді
Өткен демалыс күндері республика аумағына Орал аймағынан (Ресей) салқын ауа массасы енді. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 25-30 градусқа дейін төмендейді.
«Узгидрометтің» хабарлауынша, бүгін және апта ішінде Өзбекстанда негізінен ашық ауа райы сақталады, ауа температурасы тамыз айының соңғы онкүндігінде қалыпты мәндерге жақын болады.
Кешкі уақытта ауа температурасы 12-17 градустан жоғары болмайды, аптаның бірінші жартысында күндіз ауа температурасы 27-30 градус шамасында болады. Жұмыс аптасының соңына қарай температура 31-34 градусқа дейін көтеріледі.
Бүгін және ертең республиканың кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаң-тозаң көтеріледі.