Астанадағы LRT-ге ресми түрде Tarlan Astana атауы берілді
Қазақстан астанасында жуырда ғана іске қосылған жеңіл рельсті көлік жүйесі LRT-ге ресми түрде Tarlan Astana атауы берілді.
KAZINFORM мәліметінше, қаулы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңға және 2026 жылғы 12 маусымдағы республикалық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес қабылданып, ресми түрде жарияланды.
Құжатқа сәйкес, Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесіне ресми түрде Tarlan Astana атауы берілген.
«Енді Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы қаулыны іске асыру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізеді.
Қала әкімдігінің мәліметінше, әкімдікке тұрғындардан, қоғамдық ұйымдардан және Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалынан LRT жүйесіне ресми атау беру туралы бірқатар ұсыныс түскен.
Әкімдік өкілдерінің түсіндіруінше, қазақтың тарихи-мәдени танымында «Тарлан» сөзі жылдамдықты, еркіндікті, күшті, сенімділік пен тектілікті білдіреді», - делінген хабарламада.