Астана қаласындағы Өзбекстан елшілігінде Өзбекстанның туризм елшісі Лаззат Аханова мен Қазақстанның жетекші туристік компаниялары басшыларының қатысуымен оффлайн және онлайн кездесу өтті.

Dunyo ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан Елшісі Саидикром Ниёзхожаев Кездесуде 2023 жылдың 29 наурызында Өзбекстан Президентінің төрағалығымен елдің туристік әлеуетін қарқынды дамыту және бірқатар мәселелер бойынша бейне селекторлық кеңес өткенін, онда Өзбекстандағы туризм саласын дамыту және шетелден келетін туристер ағынын арттыру міндеттер жүктелгенін атап өтті.

Сұхбат барысында Өзбекстанға баратын қазақстандық туристер санын арттыру және олардың қызығушылықтарын ескере отырып, жаңа бағыттар бойынша турпакеттерді әзірлеу туралы ойлар алмасылды.

«Арман тур» туристік компаниясының басшысы Салтанат Әбжанованың айтуынша, Самарқанд, Бұхара және Хорезмге туристерді тартуға қызығушылық жоғары. «Біз жаңа бағыттар бойынша турпакеттерді әзірлеу үшін Өзбекстан елшілігімен ынтымақтастыққа дайынбыз. Атап айтқанда, Өзбекстанның басқа облыстарындағы тарихи ескерткіштер туралы ақпарат алу және таратуда көмек қажет», - деген ол.

Кездесу соңында Қазақстаннан Өзбекстанға келетін туристер ағынын арттыру мақсатында арнайы туристік пакеттер жасау жұмысын жеделдету туралы келісілді, делінген хабарламада.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Астанада Өзбекстанға туристер ағынын арттыру мәселелері талқыланды