Ташкент қаласының әкімі Шавкат Умурзаков Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловпен кездесу өткізді.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, кездесуде Ш. Умурзаков елшіге республикада отандық және шетелдік кәсіпкерлер үшін жасалған қолайлы инвестициялық жағдай туралы айтты.
Б.Атамқұлов Ташкенттің бәсекеге қабілетті, қалалық және туристік орталыққа айналып, туристер мен кәсіпкерлерді көбірек тартып жатқанын айтып, қаланың цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету, көріктендіру және нақты жұмыс тетіктерін енгізудегі тәжірибесі жақсы екенін және осы тәжірибені үйренуге лайық екенін жеткізген.
Сондай-ақ, кездесу барысында елші Астана қаласында «Ташкент күндерін» өткізуге және Қазақстан астанасында Әлішер Науаи мүсінінің ашылуын ұйымдастыру ұсынысы айтылды.
«Ташкент күндері» аясында қолөнер көрмесі, гастро жәрмеңкелер, фестивал және басқа да мәдени шараларды өткізу жоспарланған.