Көп жылдар бойы білім саласында түрлі лауазымды қызмет атқарып, бүгінгі таңда саясат жолында жұмыс істеп келе жатқан шығармашыл жан, ақын Ақшагүл Төлегенованың жаңа «Кафтимдаги қалдирғоч» (Алақандағы қарлығаш) атты кітабы жарық көрді.

Өзбекстан Жазушылар одағы мүшесі, қазіргі күнде ӨР «Олий Мажлис» Заң шығарушы палатасының депутаты қызметіндегі ақынның кезекті кітабында көп жылдар бойы өзбекше, қазақша жазылған туындылары мен жаңа өлеңдері орын алған. 

Өзбекстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітап «Кафтимдаги қалдирғоч», «Өзбек-өз ағам», «Дард – мехмон» сынды үш бөлімнен тұрады. 

Ақынның аталған кітабы Ташкент қаласындағы «Firdavs-Shox» баспасынан 1000 данамен жарық көріп отыр.

Ақшагүл Төлегенова 1964 жылы Науаи облысы, Карманин ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі (1994 жылы). «Еңбек даңқы» (2018 ж.) ордені иегері. 2021 жылы өткен «Алтын қалам» байқауының «COVID-19-дың Өзбекстанға әсері» атты таңдамалы шығармалар бойынша Еуропа Одағының алғыс хатымен марапатталған. 

Қазақ және өзбек әдеби тілінде өзіндік шығармашылығын шыңдай білген ақынның қазіге дейін «Еркелегім келеді» (2002 ж.), «Сағыныш» (2006 ж.), «Біздің үйге қарлығаш ұя салған» (2016 ж.), «Дард – мехмон» (2021 ж.) кітаптары оқырманға жол тартқан. 

Осы орайда сіз қадірменді оқырманған ақын Ақшагүл Төлегенованың жаңа кітабында Қазақ поэзиясына өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын Есенғали Раушаонвты жоқтап жазған өлеңін ұсынбақпыз.

Мен бүгін жылап тұрдым...

(Ақын Есенғали Раушановтың қазасына орай жазылған жыр)

Мен бүгін жылап тұрдым, төсегімнен,

Жылардай себеп жоқ-ед, кеше күлгем.

...Есенғали өтіпті дүниеден,

Уақыт жаңылған-ау есебінен.

Мен бүгін жылап тұрдым, шыныменен,

Тым жақсы ұйықтаған-ем түнімен.

Елді енді кім оятар, кім оятар,

Қарабауыр қасқалдақ үніменен.

Мен бүгін жылап тұрдым, еңіреп шын,

Басылып бар қуаныш, көңіл-екпін.

Ес-ағам енді қайдан табылар деп,  

Түнеріп тұрғанын-ай төңіректің.

Мен бүгін жылап тұрдым, жан алауда,  

Тырыстым суретіңе қарамауға.

...Менің де бауырымда өскен балам-ед деп,

Шымған тау көңіл айтты Алатауға.

Мен бүгін жылап тұрдым, (жадымдасың!),

Жырымды шығарып-ең «Жалында» шын.

Толғауын туған жердің жеткізіп тұр,

Өзіңнің батаңды алған қарындасың.

Мен бүгін жылап тұрдым, қашып ірең,

Өлеңді сізге еліктеп жазып жүр-ем.

Ес-аға, қасиетті жұма бүгін,

Жәннаттың есіктері ашық, білем.

Мен бүгін жылап тұрдым, зарым да шын,

Ес-ағай, енді қайта табылмасым.

Қазақ елі ортақпыз қайғыңызға,

Деген біздің сәлемді қабылдасын!

63 жастан асқан абыз-ақын,

Алла өзі алдыңыздан жарылқасын!

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ақын Ақшагүл Төлегенованың жаңа кітабы жарық көрді