
Ашғабатта өткен Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту халықаралық ұйымы – ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің 41-ші мәжілісінде Ақтау қаласы 2025 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде жарияланды.
Атаулы басқосуда, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Өзбекстан, Қазақстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Түркияның мәдениет саласындағы өкілдері және халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Кеңесте басты назар түркі мәдениетін дамыту және олар арасындағы бауырластық қатынастарын нығайтуға қарастырылған. Қатысушылар түркі тілдес халықтардың мәдени мұрасын сақтап, насихаттау жөнінде бірлескен әрекеттерді күшейту туралы пікір алмасты және тиісті шешімдер қабылдады.