АҚШ-та «Апачи» әскери тікұшағы апатқа ұрап, екі сарбаз қаза тапты
АҚШ армиясының Форт-Худ базасына тиесілі «Апачи» әскери тікұшағы Техас штатында апатқа ұшырап, екі сарбаз қаза тапты.
Бұл туралы Белл округі шерифінің кеңсесі мен Форт-Худ әскери базасы хабарлады.
Оқиға 12 тамызда Техас штатының орталығындағы Остин қаласынан шамамен 100 шақырым солтүстікте орналасқан Белл округінде болған. Тікұшақ егістік алқапқа құлап, соның салдарынан аумақта ірі өрт шыққан.
Белл округі шерифі кеңсесінің өкілі Клифф Коулманның айтуынша, оқиға салдарынан тікұшақ бортындағы екі адам қаза болған.