АҚШ-та 30 жылдан астам уақыт бойы сақталған эмбрионнан бала өмірге келді.
MIT Technology Review журналының хабарлауынша, 26 шілде күні дүниеге келген ұл бала - Таддеус Дэниел Пирс «ең қарт сәби» рекордын жаңартты.
Дерекке сәйкес, баланың ата-анасы 1994 жылы ЭКО (экстракорпоралды ұрықтандыру) жасаған әйелдің эмбрионын «асырап алған».
Барлығы төрт эмбрион жасалып, олардың бірі әйелге орналастырылған, қалған үшеуі криоконсервацияланып, сақталып қалған.