АҚШ президенті қатысқан кеште атыс оқиғасы орын алды
Белгісіз адам АҚШ президенті мен әкімшіліктің бірқатар жоғары лауазымды тұлғалары қатысып жатқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының жыл сайынғы кеші өтіп жатқан «Washington Hilton» қонақүйінде атыс ұйымдастырған.
«The New York Times» басылымының жазуынша, Дональд Трамп, шенеуніктер және шара қатысушылары оқиға орнынан дереу эвакуацияланған.
Кейінірек Дональд Трамп Құпия қызмет қызметкерлері оқ атқан деген күдікке ілінген адамды ұстағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, шабуыл жасаған адам – 31 жастағы Коул Томас Аллен болып, ол Калифорния штатының Торранс қаласында тұрады.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат берілмеді. Біраз уақыттан кейін Трамп брифинг өткізді.
– Вашингтондағы шарада атыс ұйымдастырған адам өзімен бірге бірнеше қару алып жүрген, – деді АҚШ президенті оқиғаға қатысты түсініктеме бере отырып.