АҚШ Конгрессінің делегациясы Өзбекстанға келді
20 тамызда АҚШ конгресінің делегациясы Өзбекстан - Америка ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылау үшін Өзбекстанға келді7
Вашингтондағы Өзбекстан елшілігінің хабарлауынша, делегация құрамында АҚШ Конгресіндегі «Өзбекстан бойынша Кокус» тең төрағасы, Миссисипи штатынан республикашыл конгрессмен Трент Келли және Өкілдер палатасының мүшесі, Иллинойс штатынан республикашыл конгрессмен Дерин Лахуд және басқа өкілдер бар.
Америкалық қонақтар Өзбекстанға сапары барысында Олий Мажлис Сенаты мен Заң шығару палатасының басшылығымен, сондай-ақ республиканың министрліктері, ведомстволарында екіжақты кездесулер өткізеді. Делегация Өзбекстанның тарихи-мәдени мұрасымен де танысады.
Айта кетерлік жайт, бұл сапар АҚШ Конгрессі мүшелерінің 2017 жылдан бері Өзбекстанға жетінші сапары болмақ. Өткен жылы АҚШ-тың екі партиясының (республикашылар мен демократтар) делегациялары Өзбекстанға екі рет келген, олардың біріне Нью-Йорктік демократ конгрессмен, Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетінің төрағасы Грегори Микс басшылық еткен еді.