Аптап ыстыққа байланысты Ташкенттің жерүсті метро желілерінде пойыздардың жылдамдығы төмендетіледі
15 шілдеден бастап Ташкент метрополитенінің жерүсті желілерінде қатынайтын пойыздардың жылдамдығына уақытша шектеу енгізіледі.
Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, елде сақталып отырған аптап ыстық салдарынан жерүсті теміржол рельстерінің температурасы белгіленген 55 градус межеден асықты көрсетіп отыр. Осыған байланысты қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күн сайын сағат 18:00-ге дейін пойыздардың жылдамдығы сағатына 60 шақырымнан 40 шақырымға дейін төмендетіледі.
Бұл өзгеріс метро пойыздарының қозғалыс аралығына да ішінара әсер етуі мүмкін. Соның нәтижесінде жерүсті желілерінде пойыздардың келу аралығы 14 минутқа дейін ұзаруы ықтимал.
Шектеу тек жерүсті метро желілеріне қатысты қолданылады. Ал жерасты метро бағыттары қалыпты режимде жұмысын жалғастыра береді.