Америкалық технология алыбы — Apple компаниясы Индонезияда iPhone 16 смартфондарын сатуға қайта рұқсат алды.

Еске салсақ, 2024 жылдың қазан айында Индонезия үкіметі Apple компаниясының инвестициялық міндеттемелерін орындамағаны үшін өнімдерін сатуға тыйым салған болатын. Нақтырақ айтқанда, Apple әзірлеушілерге арналған академияға 109 миллион доллар, ал жергілікті өндіріске 10 миллион доллар инвестиция салғанымен, билік бұл қаржыны жеткіліксіз деп таныған. Нәтижесінде үкімет компаниядан кемінде 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция талап етті.

Тыйым енгізілген соң, 283 миллионнан астам халқы бар елге небәрі 9 мың дана iPhone 16 жеткізілген. Бұл көрсеткіш — ауқымды нарықтан шет қалған Apple үшін елеулі соққы болды.

Алайда, Apple ақыры үкімет талабын орындап, 1 миллиард доллар инвестиция салу арқылы қайта нарыққа оралу құқығын иеленді. Енді компания Индонезияда өз өнімдерін ресми әрі заңды түрде сата алады.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Apple Индонезияда смартфондар сатуға ресми рұқсат алды