Алжир БАӘ-мен дипломатиялық байланыстарды тоқтатқанын мәлімдеді
Алжир республикасы Біріккен Араб Әмірліктерімен дипломатиялық қатынастарды тоқтатқанын мәлімдеді.
Алжир мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, ел екіжақты қарым-қатынасты сақтап қалудың барлық мүмкіндігі таусылғанын алға тартып, Біріккен Араб Әмірліктерімен дипломатиялық қатынасты үзу туралы шешім қабылдаған.
Шешімнің нақты себебі әзірге жарияланған жоқ. Ал жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары бұған дейін де Біріккен Араб Әмірліктерін аймақта алауыздық туғызуға әрекет жасап отыр деп бірнеше рет айыптап, қатаң сынға алған.