"Etihad Airlines" авиакомпаниясына тиісті ұшақ БАӘ астанасы Абу-Даби қаласынан Израильге келіп қонған

БАӘ мен Израиль арасында бүгінгі күнге шейін әуе бағытында ешқандай келісім болмаған және бірде-бір ұшақ тікелей бағытта әуе рейсін орындамаған. Ал кеше "Etihad Airlines" авиакомпаниясына тиісті ұшақ БАӘ астанасы Абу-Даби қаласынан Израильге келіп қонды.

"Jerusalem Post" ақпарат көзінің хабарлауынша ұшақ бортында 16 тонна түрлі медициналық заттар мен 10 дана өкпені жасанды желдету аппараты болған гуманитарлық көмек жүгі Газа секторындағы палестиналықтар үшін жіберілген.

БАӘ мен Израильдің дипломатиялық байланыстары жоқ. Дегенмен рейсті Израиль сыртқы істер министрлігі үйлестірді. Атаулы рейс Израиль мен Парсы шығанағы мемлекеттері арасындағы қатынастар жылынған кезде жасалғаны айтылады. Соңғы апталарда, Парсы шығанағының алты мемлекетінің үшеуі, соның ішінде БАӘ, коронавирустық дағдарысқа байланысты медициналық мәселелер бойынша Израильмен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдірген.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Абу-Дабиден тарихта алғаш рет Израильге ұшақ тікелей рейс жасады