Кездесуде ең алдымен Өзбекстан және Еуропалық Одақтың ынтымақтастық кеңесінің маңызды мәселелері талқыланды

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Брюссельде Европалық Одаққа төрағалық еткен Финляндия сыртқы істер министрі Пекка Хаавистомен кездесті.

Кездесуде ең алдымен Өзбекстан және Еуропалық Одақтың ынтымақтастық кеңесінің 15-ші мәжілісі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралды және Өзбекстан мен Финляндия қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына ерекше назар аударылып, тараптар парламентаралық байланыстар, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, ғылым, мәдениет сынды маңызды салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін жеткізіп, заңнамалық базаны нығайтуға қолдау білдірген.

Сонымен қатар, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру, Хельсинки қаласында Өзбекстан сауда үйін ашу және басқа да бірлескен жобаларды жүзеге асыру осы мақсаттарға қол жеткізудің практикалық нысаны болуы мүмкін екендігі айтылды. Министрлер халықаралық саясаттың кейбір мәселелері бойынша пікір алмасты.

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хабары.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Абдулазиз Камилов Финляндия сыртқы істер министрімен кездесті