2021 жылдың 29 қарашасында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов БҰҰ-ның терроризмге қарсы күрес жағдайында адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын көтермелеу және қорғау туралы мәселе бойынша арнайы баяндамашысы Фионнуала Ни Аолайнмен кездесті.

СІМ мәліметінше, кездесуде тараптар Өзбекстан мен БҰҰ және адам құқықтары саласындағы мамандандырылған мекемелер арасындағы ынтымақтастық аясындағы өзекті мәселелерді талқылады.

БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Өзбекстан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, басқа елдердегі мұқтаж жандарға тиімді көмек көрсету, соның ішінде Таяу Шығыстағы соғыс аймақтарынан адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды елге қайтару жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.

Сонымен қатар тараптар Ауғанстандағы жағдай бойынша пікір алмасып, кездесудегі ортақ пікір ретінде Ауғанстан халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету қажеттігі айтылды.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Абдулазиз Камилов БҰҰ-ның арнайы баяндамашысымен кездесті