2023 жылдың 1 мамырынан бастап жаңа көпқабатты үйлердің құрылысын жобалау кезінде олардың шатырларының бос алаңының кемінде 50 пайызына күн батареяларын орнату талабы енгізілген еді.
Осыған орай, 2024 жылы 765 көпқабатты үйге жалпы қуаты 15,3 МВт күн батареялары орнатылады.
Министрлер Кабинетінің қаулысына оарй, Кеден комитетіне 2024 жылдың 1 ақпанына дейін «Жасыл энергетика» ақпараттық жүйесінің толық жұмыс істеуін және Энергетика министрлігіне берілуін қамтамасыз ету тапсырылды.
Жаңартылатын энергия көздерін және олардың жабдықтарын, шикізаттарын, жинақтаушы бұйымдары мен қосалқы бөлшектерін әкелген жағдайда 120 күн мерзімге кедендік алымдарды төлеу өсімақысыз белгіленеді.
2024 жыл 1 наурыздан бастап техникалық құжаттарында немесе таңбаларында күн элементтерінің сапа көрсеткіштерін білдіретін сәйкес «А», «В», «С» және «Т» сыныбы туралы мәліметтер жоқ күн батареяларын әкелуге тыйым салынады.