2021 жылы Өзбекстан әлемнің 182 елімен сауда-саттық байланыстарын жүргізді.
Мемлекеттік статистика комитетінің деректерінше, сыртқы сауда айналымының ең үлкен үлесі Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасының үлесіне тура келеді – 17,9% және 17,7%. Одан кейінгі орындарда Қазақстан (9,3%), Түркия (8,1%), Корея Республикасы (4,5%), Қырғызстан (2,3%) және Түркіменстан (2,1%).
Өзбекстанның 20 ірі сыртқы экономикалық әріптестерінің қатарында болған елдер ішінде үш елмен Ауғанстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен белсенді сыртқы сауда балансы байқалған.
Еске салар болсақ, өткен жылы Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 42,1 млрд АҚШ долларын құрады.