2020 жылға қарай Өзбекстандағы барлық мектептер талшықты-оптикалық интернетпен қамтамасыз етіледі
Бүгінгі таңда ел аумағындағы жалпы білім беретін мектептердің 31 пайызы ғана интернетпен қамтылған
21 қарашада Жоғарғы Мәжілістің Заң шығару палатасында өткен отырысында депутат Расул Кушербаев Үкімет тарапынан ұсынылған 2020 жыл үшін Мемлекеттік бюджеттің жоспарына енгізген өзгерістер жайында тоқталып, онда елдегі жалпы орта білім беру ұйымдарын талшықты-оптикалық интернет байланысымен қамтамасыз ету жайында сөз айтты.
Бүгінгі таңда ел аумағындағы жалпы білім беретін мектептердің 31 пайызы талшықты-оптикалық байланыспен қамтамасыз етілген болып, осы көрсеткішті 2020 жылға қарай 100 пайызға жеткізу және мектептерді толықтай сапалы интернет желісі қызметімен қамту көзделген. Бұл ең әуелі аймақтардың дамуы мен халықтың жаңа заман технологиясын игеруіне мүмкіндігі артады, -дейді Расул Кушербаев.