2020 жыл 1 ақпаннан Өзбекстанда еңбекақы мен зейнетақы өседі
Айыппұл мен баж төлемдері және салыққа төлемдер мөлшері өзгеріссіз қалады
Бұл шешім, Мемлекет басшысының 30 желтоқсанда қол қойған «Өзбекстан Республикасының 2020 жылға арналған мемлекеттік бюджеті туралы» Жарлығында көрсетілген.
Онда, еңбекақының ең аз мөлшері – айына 679 330 сумды құраса, бірақ базалық түрде есептегенде зейнетақы мөлшері айына 238 610 сум болып белгіленген. Ал базалық түрде есептеу жүйесі ескі баға мен яғни 223 000 сум боп өзгеріссіз қалған. Бұл дегені салықтар, өсімпұлдар, мемлекеттік баж және мемлекеттік қызметтерді, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері мен айналысуға патенттік (лицензиялық) төлемдерді және заңнамада белгіленген басқа төлемдерді анықтауда қолданылады.
Сонымен бүгіннен бастап бюджеттік ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерінің еңбекақысы, зейнетақы, степендия, жәрдемақы мен аз қамтылған жанұяларға берілетін материалдық көмектің мөлшері 1,07 пайызға өсетін болады.
Соңғы рет Өзбекстанда еңбекақы, зейнетақы мен степендия және т.б жәрдемақы мөлшері 2019 жыл 1 тамыздан 10 пайызға өскен болатын.