100 долларлық купюралар енді Трамптың қолтаңбасымен басылады
АҚШ Қаржы министрлігі ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай президент Дональд Трамптың қолтаңбасын доллар купюраларына енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл – қызметтегі мемлекет басшысының мұндай бастама көтеруі алғаш рет болып отыр.
Трамптың қолтаңбасы қойылған алғашқы 100 долларлық купюралар биылғы маусым айында басыла бастайды, кейін бұл өзгеріс басқа номиналдарға да енгізіледі.
Қазіргі «100 долларлық» банкноттар 165 жыл бойы АҚШ қазынашысының қолтаңбасымен шығарылып келген, енді ұзақ уақыттан кейін бұл тәртіп өзгермек. Мәліметке сәйкес, купюралардың дизайны өзгеріссіз қалады.
Сондай-ақ, 20 наурыз күні АҚШ-тың Өнер жөніндегі федералдық комиссиясы ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай Трамптың бейнесі бедерленген естелік алтын монетаны шығаруды мақұлдаған еді. 24 караттық алтыннан жасалатын бұл монета коллекциялық бұйым ретінде қарастырылып, айналымға шығарылмайды.