1-ші қазаннан бастап Өзбекстандағы банкоматтар шетел валютасын беруін тоқтатады
Ұлттық банк, банкоматтың бағдарламалық жасақтамасын қалпына келтіру нұсқаулықтары барлық банктерге жіберілгенін мәлімдеген.
Бұл жағдай Visa, MasterCard, UnionPay сияқты халықаралық төлем жүйелеріне қызмет көрсететін банкоматтардың бағдарламалық жасақтамасында қайта дәстүрлеу жұмыстары басталғанына байланысты туындаған, -деп хабарлайды Өзбекстанның «Жібек жолы» банкінің баспасөз қызметі.
Ел аумағындағы банкоматтар 1 қазаннан бастап қолма-қол ақшаны тек ұлттық валютада береді. Егер қолма-қол шетел валютасы қажет болған жағдайда, клиенттер банктердегі айырбастау пункттеріне жүгіне алады немесе халықаралық төлем карточкалары бар банктің кассаларына барып, қолма-қол ақша алулары мүмкін. Сонымен бірге клиенттің қасында төлқұжаты болуы керек.
Бұл жағдайды Ұлттық банк, банкоматтың бағдарламалық жасақтамасын қалпына келтіру нұсқаулары барлық банктерге жіберілгенін мәлімдеген.