1 ақпаннан Өзбекстанда кейбір жәрдемақылар өсті
Президент жарлығымен кейбір құжаттарға түзетулер енгізілді. Қаулыға сәйкес, 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап келесі жәрдемақы мөлшері 621 мың сум болып белгіленді:
- қажетті еңбек өтілі жоқ қарт азаматтарға берілетін жәрдемақы;
- қосымша төлемді ескере отырып, толық емес жұмыс өтілі кезіндегі жасы бойынша зейнетақының ең төменгі мөлшері;
- басқалардың күтіміне мұқтаж 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтумен айналысатын баланың заңды өкіліне берілетін жәрдемақы;
- асыраушысынан айырылғандық бойынша жәрдемақы алушылардың отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесіне берілетін жәрдемақы (кейінгі еңбекке жарамсыз отбасының әрбір мүшесіне– 212 мың сум);
- асыраушысынан айырылған жағдайда зейнетақы алушылардың еңбекке жарамсыз отбасының бір мүшесіне берілетін зейнетақының ең төменгі мөлшері.
Еске сала кетейік, 2024 жылға арналған ең төменгі тұтыну шығындарының мөлшері бір адамға айына 621 мың сум болып белгіленген. Жоғарыда көрсетілген зейнетақы мөлшері ресми ең төменгі тұтыну шығыстары негізінде өскен.