Абайдың қара сөздері: Өзбек тілінде жарық көрген кітаптің тұсаукесері өтті
«Абай Қора Сўз» атты кітап болып өзбек тілінде жарық көрген туындының Ташкент төрінде тұсаукесері өтті
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ақынның «Қара сөздері», «Абай Қора Сўз» атты кітап болып өзбек тілінде жарық көрген туындының Ташкент төрінде бүгін тұсаукесері өтті.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалдының бастамасымен жүзеге асқан атаулы игі шара, Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, аудармашы, профессор Қозоқбой Юлдошев өзбек тіліне тәржімалаған болатын.
Осынау игі шарада сөз алған Елші Дархан Амангелдіұлы екі ел арасында тарихи, мәдени байланыстар бүгінгі таңда тығыз қарым-қатынаста екенін және мұндай шаралар екі бауырлас ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың дамуына оң ықпал ететінін айта келе, қазақтың маңдайына біткен нар тұлға Абайдың айтқан нақылы екі елдің игілігіне жарарын тілге тиек етті.
Тұсаукесерде Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының мүшелері, ӨР Білім министрлігінің өкілі, БАҚ өкілдері қатысып шара соңында Абайдың қара сөздерін өзбек тілінде сөйлеткен Қозоқбой Юлдошевқа қазақы салт-дәстүр бойынша шапан жабылып, қощемет көрсетілді.