ӨзА Қазақ

05.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Орталық Азияда тұңғыш рет жасанды тыныс алу аппаратын шығармақ

Өзбекстан Орталық Азияда тұңғыш рет жасанды тыныс алу аппаратын шығармақ

Инновациялық даму министрлігі Cловакияның «Chirana» компаниясы және ресейлік серіктестермен бірлесіп, жасанды тыныс алу апаратының өндіріс технологиясының трансферін жүзеге асыру жобасын әзірлеуде. 


Әлемнің 12 елінде ғана өндірісі жолға қойылған жасанды тыныс алу апаратының Орталық Азиядағы тұңғыш зауыттық жобасының алғашқы кезеңінде жалпы құны 3 миллон долларды құрайтын, 30 жұмыс орнын ашу көзделген. Жобаның екінші кезеңінде 6 миллиондық инвестицияның есебінен жаңа жұмыс орындарын 100-ге жеткізу жоспраланған.

Ал, атаулы жобаға атсалысуға келісім берген әлемдегі алты әйгілі брендтің бірі саналатын «Chirana» компаниясының Ташкентте шығарар аппараттың бір ерекшелігі тек бір сатылы емес, үш сатылы желдетуді (вентеляция) жасайтын болады.

Сонымен қатар, құрылғыны жөндеу үшін қосалқы бөлшектер мен қызмет көрсету орталығы, жасанды респираторлар мен НТА (наркозды-тыныс алу аппараты) үшін бірегей, жылжымалы және заманауи қызмет көрсету орталығы құрылатын болады, делінген министрліктің сайтында.

4 626
ӨзА