Өзбекстанда Моңғол киносы күндері өтіп жатыр
Өзбекстан Ұлттық кино өнері сарайында Өзбекстан мен Моңғолия арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «Моңғол киносы күндері» іс-шарасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Шараға Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Кинематография агенттігінің директоры Шухрат Ризаев, Моңғолиядан келген ресми қонақтар, кино өнерінің өкілдері, киносүйер қауым және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Кино күндері аясында көрермендерге моңғол киносының таңдаулы туындылары саналатын «Тәуелсіздік» және «Әйел» көркем фильмдері ұсынылды.

Фильм көрерменді ерекше әсерге бөлеп, екі халық арасындағы мәдени әрі шығармашылық байланыстың жарқын көрінісіне айналды.
Бұл мәдени жоба екі мемлекет арасындағы достық қатынастарды одан әрі тереңдетіп, ұлттық кинематография саласындағы тәжірибе алмасу мен шығармашылық ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашпақ.