Өзбекстан U-20 құрамасы Азия кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды
Өзбекстан U20 құрамасы 2027 жылғы Азия кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды.
2027 жылғы 24 наурыз – 10 сәуір аралығында Қытайда футболдан U20 Азия кубогының финалдық кезеңі өтеді. Осынау турнирге құрлықтың 16 командасы қатысады.
Өзбекстан құрамасы іріктеу кезеңінің "B" тобындағы ойындарды қабылдады. Онда Өзбекстан, Сирия, Үндістан және Бангладештің U20 құрамалары өзара бақ сынасты. Топтағы шешуші ойында өзбекстандық футболшылар Сирия құрамасын 3:0 есебімен жеңді.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша өз топтарында бірінші орын алған Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея, Тәжікстан, Сауд Арабиясы, Ирак, Жапония және Индонезия құрамалары финалдық кезеңге тікелей жолдама алды. Сондай-ақ, іріктеуде үздік нәтиже көрсеткен екінші орын иегерлері — Ливан, Оман, Иран, Иордания, Таиланд, Үндістан және Малайзия құрамалары да Қытайдағы құрлық біріншілігіне қатысатын болды.
Айта кету керек, 2027 жылғы U20 Азия кубогы Әлем чемпионатына жолдама алу үшін де маңызды. Құрлық біріншілігінің жартылай финалына шыққан төрт команда U20 Әлем чемпионатына қатысу құқығын иеленеді.
Еске салар болсақ, 2027 жылғы U20 Әлем чемпионатын Өзбекстан мен Әзербайжан қабылдайды. Сондықтан Өзбекстан жастар құрамасы Азия кубогындағы нәтижесіне қарамастан, Әлем чемпионатына алаң иесі ретінде қатысады.