Өзбекстан мен Қырғызстан Президенттері екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерін талқылады
Түркістан қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті аясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың кездесуі өтті.
Әңгімелесу барысында Өзбекстан – Қырғызстан арасындағы достық, тату көршілік және кең ауқымды стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері қаралды.

Өзара сауда көлемінің қарқынды өсіп келе жатқаны, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы және басқа да басым салаларда бірлескен кооперациялық жобалардың ілгерілеп жатқаны атап өтілді. Мәдени-гуманитарлық алмасулардың да кеңейіп келе жатқаны айтылды.
Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру, сондай-ақ энергетика және көлік салаларындағы ірі өңірлік жобаларды, соның ішінде «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржолын салу жобасын жеделдету мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, тараптар аймақтық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралардың жоспарын қарастырды.
