Әйелдер күресі: Бакудегі жасөспірімдер әлем чемпионатында өзбекстандық спортшы чемпион атанды
Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан спорттық күрес түрлерінен жасөспірімдер (U17) арасындағы әлем чемпионатында әйелдер күресінен бәсекелер жалғасуда.
Әйелдер күресі сайысының екінші күнінде Өзбекстан ұлттық құрамасының мүшесі Мухлиса Машарипова (43 келі) ел құрамасының қоржынына алтын медаль салды. Ол шешуші финалдық белдесуде Германия өкілі Финья Вивиан Штраучпен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.