VI жағажайдағы Азия ойындарына Өзбекстан құрамасынан 19 спортшы қатысады
Бүгін, 22 сәуір күні Қытайдың Санья қаласында VI жағажайдағы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Алтыншы рет ұйымдастырылып отырған бұл додаға құрлықтың 40-тан астам елінен шамамен 4 мың спортшы қатысады деп күтілуде. Олар спорттың 15 түрі бойынша 63 бағдарламада жүлделерді сарапқа салады.
Екі жылда бір рет өтетін бұл жарыста Өзбекстан құрамасының 19 спортшысы спорттың 4 түрі бойынша ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, жағажайдағы Азия ойындары алғаш рет 2008 жылы Бали аралында өткен. Ал 2016 жылы Дананг қаласында өткен жарыста өзбекстандық спортшылар 4 спорт түрінен сынға түсіп, 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған еді.
Санья қаласындағы VI жағажайдағы Азия ойындары 30 сәуірге дейін жалғасады.