Қырғызстан президенті екінші мерзімге кандидатурасын ұсынбақ
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров екінші мерзімге сайлану үшін кандидатурасын ұсыну ниетін мәлімдеді. Оның айтуынша, президент сайлауына қатысқысы келетін кез келген азамат үшін жол ашық.
«Біз ешкімге шектеу қоймаймыз. Барлығы заң талаптарына қатаң сәйкес жүргізіледі», – деді Жапаров.
Сонымен қатар ол бұған дейін Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиевті болашақ президент ретінде көргенін айтты.
– 2027 жылғы сайлауға өз кандидатурамды ұсынуды емес, тағы алты жыл ел басқаруды жоспарлаған едім. Егер Қамшыбек Ташиев дайын болып, тәжірибе жинақтап, жақсы жұмыс істей бастаса, оның кандидатурасын қолдап, өзім зейнетке шығамын дегенмін, – деді Садыр Жапаров.
Садыр Жапаров 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен мерзімінен бұрынғы президент сайлауында Қырғызстан президенті болып сайланды. Орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметіне сәйкес, ол сайлаушылардың 79,2 пайызының дауысын алған. Президенттің инаугурациясы 2021 жылғы 28 қаңтарда өтті.
Қырғызстанда келесі президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленген.