Қазақстан Премьер-министрі Өзбекстанға келді
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов V Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысу үшін Өзбекстанға келді.
Мәртебелі мейманды Ташкент-Хумо әуежайында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ачилбай Раматов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Бауырлас мемлекеттің Үкімет басшысы Ташкент қаласында өтіп жатқан беделді форум аясындағы негізгі іс-шараларға қатысып, сөз сөйлейді деп күтілуде. Сондай-ақ сапар бағдарламасына Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған кездесулер мен келіссөздер де енгізілген.


ӨзА