Пәкістанда полиция бақылау бекетіне жасалған шабуыл садарынан 9 адам қаза болды
Пәкістанның Белуджистан провинциясындағы полиция бақылау бекетіне жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан кемінде тоғыз құқық қорғау қызметкері қаза тапты.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, қайғылы жағдайдан кейін өңірде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Зиярат ауданындағы полиция бекетіне жасалған шабуылдан қаза тапқандардың арасында екі жоғары лауазымды полиция офицері бар. Аудан әкімінің орынбасары Абдул Қуддус Ачакзай бұл оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағалаған.
Сондай-ақ қазіргі уақытта тағы бес полиция қызметкерінің тағдыры белгісіз екені айтылып отыр. Оларды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Жағдайды бақылауға алу үшін оқиға орнына қосымша күштер жедел түрде жіберілген.