Өзбекстан құрамасы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында үздік үштікке енді
Қытайдың Нинбо қаласында ересектер арасында ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасының спортшылары 3 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен орын алды.
Екі аптаға созылған әлем біріншілігінде 150-ден астам елден келген 500-ге жуық ауыр атлет «Лос-Анджелес – 2028» Олимпиадасының алғашқы рейтингтік ұпайлары мен 16 салмақ дәрежесіндегі жүлделі орындар үшін бақ сынады.
Дүниежүзілік додада өзбекстандық шебер ауыр атлет Ақбар Жураевтың -110 килограмм салмақ дәрежесінде жұлқа көтеру сайысында 198 килограмм нәтижемен әлем рекордын жаңартты. Ал серпе көтеруде 234 килограмм салмақты бағындырған ол екі сайыс қорытындысы бойынша да әлем рекордын жаңартты.

Сонымен қатар Ақбар Жўраев қос сайыс қорытындысында 432 килограмм нәтиже көрсетіп, тағы бір әлем рекордын орнатты.
Әлем чемпионатында КХДР құрамасы 20 алтын, 8 күміс және 6 қола, барлығы 34 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте көш бастады.
17 алтын, 10 күміс және 6 қола медаль еншілеген Қытай құрамасы екінші орынға тұрақтады. Ал 3 алтын медальдан алған Өзбекстан мен Болгария құрамалары үздік үштікті түйіндеді.