Өзбекстан мен Үндістан арасында жаңа тұрақты әуе қатынасы ашылады
28 қыркүйектен бастап Ташкент–Хайдарабад–Ташкент бағыты бойынша аптасына екі рет тұрақты әуе қатынасы іске қосылады.
Ұшуларды «Centrum Air» әуе компаниясы аптасына екі рет «Airbus A320neo» ұшақтарымен орындайды.
Үндістанның Хайдарабад қаласында Өзбекстан елшілігі, әуе компаниясы, сондай-ақ екі елдің туризм саласы мен іскерлік ортасының өкілдері қатысқан жаңа бағыттың таныстырылымы өтті.
Таныстырылым барысында Өзбекстанның туристік әлеуеті, қонақ үй инфрақұрылымы мен демалыс орындары таныстырылды.
Сондай-ақ екі елдің туристік компаниялары арасында «B2B» форматында кездесулер ұйымдастырылды.