Оңтүстік Африка Республикасында жол апатынан 16 адам қаза тапты
Оңтүстік Африка Республикасының Батыс Кейп провинциясында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 16 адам көз жұмды.
«Xinhua» ақпарат агенттігінәі хабарлауынша, оқиға бейсенбі күні Тувсрифир елді мекеніне жақын жердегі N1 халықаралық автожолында болған. Жолаушылар автобусы жүргізушінің басқаруынан шығып, аударылып кеткен.
Жергілікті көлік басқармасының мәліметінше, автобуста 73 жолаушы болған. Қайғылы оқиға салдарынан 16 адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен арнайы мамандар апат салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Эвакуация және құтқару жұмыстары жалғасуына байланысты жолдың зардап шеккен бөлігі уақытша жабылған.